23.01.2025. 📚Бүгін мектебімізде оқу сауаттылығы апталығының жоспары бойынша TEDx форматында шеберлік сағаты өткізілді.
📌Тақырыбы: “Оқу сауаттылығын дамыту: көзқарас, идея, тәжірибе”.
🎤Спикерлер:
Имангалиева Ж.М. PISA тапсырмалары туралы айтып, халықаралық стандарттарға сай білім беру әдістерін түсіндірді. Ол бұл тапсырмалардың оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы ерекше маңызын түсіндіріп, тәжірибелік әдістерімен бөлісті. PISA тапсырмаларын орындау тек оқушылар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де кәсіби даму мүмкіндігі екенін атап өтті.
Адамбаева Б.Т. шеберлік сыныптың негізгі тақырыбын таныстырып, оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Мұғалім жас мамандарға өзінің YouTube арнасы туралы айтып, оларға да канал жүргізуге кеңес берді. Ол YouTube платформасының білім беру процесіндегі тиімділігі мен оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.
🎯Шара барысында:
🔸️Қатысушыларға қызықты әдістер мен нақты мысалдар ұсынылды.
🔸️PISA тапсырмаларымен жұмыс жасау жолдары көрсетілді.
🔸️Әріптестер де өз идеяларымен бөлісіп, пікірталасқа белсенді қатысты.
Бұл шеберлік сағаты мұғалімдерге, жас мамандарға жаңа идеялар мен мотивация беріп, шабыт беріп, заманауи білімнің маңыздылығын дәлелдеді. Осындай шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына және тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
#оқусауаттылығы2025
#шеберліксағаты
#оқусауаттылығы
#PISA
#заманауибілім
#мұғалімдамуы
