22 наурыз «Жыл басы»Жаңа күн. Жұмыр жердің киесін ұғынып, Көктің тынысын тыңдап, тіршіліктің тамырын басқан, тұрмыс-тіршіліктің мән-мағынасын ұғынған дана халқымыз әз-Наурызды айрықша салтанатпен қарсы алып, жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.Осы күні «Қош келдің, әз-Наурыз!»атты қалалық мерекеге мектеп ұжымы,оқушылар,даналық мектебі(аналар,әкелер,аталар,әжелер) шеруге шығып,мерекелік іс-шараға қатысып қайтты. Мектептің «Наурыз-жаңа күн-жарқын болашақ!»байқауына алып барған композициядан жүлделі ІІ орынды иеленді.Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.
#наурызмейрамы2025
#наурыз
#Біртұтас_тәрбие