🗓️22 қазан 5 «А» сыныбында 25 қазан-Республика күніне орай, «Қыран елім-Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
📝 Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгілегені жайлы, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір оқушы түсініп, оны қастерлей білу керектігін, жаттаған өлең шумақтары арқылы жеткізді.
🇰🇿 Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін!, -деп қорытынды жасалып, Қадыр Мырза- Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні орындады. 🔦Дөңгелек үстелге қатысқан директордың тәрбие -ісі жөніндегі меңгерушісі Алма Қонысбаевна жылы лебізін білдірді.
📚Мектеп кітапханашысы: А.А. Тезекбаева
🔖Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#Біртұтас_тәрбие
#Тәуелсіздікжәнеотаншылдықайы
#RepublicDay