➢ 22.05. 2023 күні, 10 «А» сыныбының ата-аналарымен «Оқу жылын қалай аяқтадық?» тақырыбында қорытынды жиналыс өтті.
➢ Мақсаты: Ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2022-2023 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету, бала өмірінің қауіпсіздігі жайлы мағлұматтар беру, жаднамалармен таныстыру.
➢ Күн тәртібінде:
2022-2023 оқу жылының қорытындысы
2. Сынып оқушыларының жетістіктері
3. Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі
4. Жаңа оқу жылына жоспарлар
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері мен міндеттері, отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат берілді,, ата – ананың балаға деген жауапкершілігі, жаз айларындағы сақтық шаралары түсіндірілді. Жиналыста сыныптың оқу үлгерімі, жыл қорытындысы туралы айтылды.
Жаз айларында қатаң тиым салынатын ережелерге тоқталды.Үй жағдайындағы қауіпсіздік ережелері, тоқ қосу, терезе мен балкон қауіпсіздік ережелері туралы айтылды. Ата-аналарға қауіпсіздік телефон номерлерін есте сақтауға кеңес беріліп, жаднамалар таратылды.
Төтенше жағдай орын алса – 112 номеріне хабарласыңыз. Өрт сөндірушілер – 101, Полиция – 102, Жедел жәрдем – 103, Газ апатынан құтақару қызметі – 104, Құтқару қызметі – 109. Есіңізде сақтаңыз! «Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың бірден – бір жолы»,- деп қорытынды жасалды.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие
