22.02.23 ж. Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің
10 «А» сынып оқушылары Вирусты гепатит- «А» тақырыбында диктант жазды.
Мақсаты: Вирусты гепатит- А ауруының алдын-алу, жалпыгигиеналық және санитарлық сипаттағы ережелерді сақтау, салауатты өмір салтын ұстану.
Диктант мәтінінде қарапайым ережелер, сақтану шаралары, аурудың белгілері, алдын- алу шаралары туралы айтылды. Вирусты гепатитке күдіктенген жағдайдағы басты белгілері: сарғаю, зәр қара түсті, нәжіс ашық түсті, тәбеттің күрт төмендеуі, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сияқты белгілер болса, дәрігерге қаралу керек екендігі ескертілді. Оқушылар Гепатит "А" вирусы туралы мағлұматтармен танысты.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
