21.05.24 күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Мектеп. Ата-Ана. Оқушы» тақырыбында қалалық жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жас ұрпақтың бүгінгі алып жатқан білімі мен тәлімінде мектеппен қатар отбасы өнегесінің орны бөлек. Өйткені, тәрбие негізі отбасында қаланады.
Баланы білімділікке жетілдіруде отбасының алар орны бөлек. Ал оның ішінде бала үшін әкенің ,ананың,ата,әженің орны ерекше. Осы орайда мектеп өміріне белсенділік танытып,ұлттық құндылықтарымызды оқушылар арасында дәріптеп іс-шараларға белсене қатысып жүрген ата-аналар Кенжебекова А.М,Тлеубеков Б.К,Нұрсейтов А.Н, Асылбекова К.А Балқаш қаласы білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
#Біртұтас_тәрбие
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg ##
