Skip to content

2025 жылы 6 қаңтар күні кәсіби бағдар беру бойынша N5…

2025 жылы 6 қаңтар күні кәсіби бағдар беру бойынша N5 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушылары Балқаш қаласы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Мақсаты: мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу. Колледж оқытушылары мен студенттері дәнекерлеу, көпір краны машинисті, құрылыс шеберханаларын көрсетіп, таныстырды. Оқушылар тәжірибелік жұмыстарға қатысып, мамандықтарға өз қызығушылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *