Skip to content

2025 жылғы маусым айының басында мектебімізде “Бала еңбегін қанауға қарсы…

2025 жылғы маусым айының басында мектебімізде “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” ұлттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға бала еңбегінің құқықтық және адамгершілік аспектілері туралы түсінік беру, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мәселесіне назар аудару болды.
Акция аясында мектептің бірінші қабатында арнайы ақпараттық стенд жасалып, оқушыларға таныстырылды. Стендте бала еңбегінің түрлері, оны қанау салдары, заңнамалық нормалар мен құқықтық қорғау жолдары туралы мәліметтер қамтылды. Сонымен қатар, оқушыларға арналған пайдалы кеңестер мен сенім телефондары көрсетілді.
Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар бала еңбегіне қарсы күресте әр адамның белсенді азаматтық ұстанымы маңызды екенін атап өтті.

• #БалаЕңбегінҚанауғаҚарсы12Күн
• #БалаларҚұқығы
• #БалаЕңбегінеЖолЖоқ
• #12КүнАкциясы
• #БалаларЕңбегінҚорғайық

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *