Skip to content

2025 жылғы 24 сәуір күні Балқаш қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы…

2025 жылғы 24 сәуір күні Балқаш қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі базасында Қарағанды облысы білім басқармасы мен Балқаш қалалық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жас жол инспекторлары жасақтарының облыстық слетінің қалалық кезеңі өткізілді.
Слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алу, жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау және оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру.
Аталған сайысқа 11-14 жас аралығындағы оқушылардан құралған мектеп командалары қатысып, келесі 5 кезең бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті:
1. Жол жүрісі қағидаларының білгірлері;
2. Үгіт-насихат бригадасы;
3. Велосипедті мәнерлеп жүргізу;
4. Жас реттеуші;
5. Жас санитар (алғашқы көмек көрсету).
Жарыс қорытындысы бойынша №5 жалпы білім беретін мектептің командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орын иеленді. Бұл жеңіс – оқушылардың, жетекшілердің және мектеп ұжымының жүйелі еңбегінің жемісі.

Жеңісті күндеріміз көп болсын!
#Біртұтас_тәрбие
#Қарағандыоблысы09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ЖасЖолИнспекторлары
#ҚауіпсізЖол
#БіріншіОрын

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *