Skip to content

2025 жылғы 1–12 маусым аралығында «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12…

2025 жылғы 1–12 маусым аралығында «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты республикалық акция аясында бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аталған іс-шара барысында мектеп мұғалімдерінен арнайы мобильді топтар құрылып, бірқатар рейдтік тексерулер жүргізілді.Рейд барысында базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, автожуу бекеттері және өзге де балалар жұмыс істеуі ықтимал нысандар қамтылды. Нәтижесінде, кәмелетке толмаған балалардың заңсыз еңбекке тартылғаны кездескен жоқ.
Аталған іс-шаралар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға және қоғам назарын бала еңбегін пайдаланудың теріс салдарына аударуға бағытталған.
• #БалаЕңбегінеЖолЖоқ
• #БалаҚұқығы
• #12КүнАкциясы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *