2025 жылдың маусым айында №5 жалпы білім беретін мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагері аясында балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қауіпсіз терезе» акциясы өткізілді. Акция барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында бейнеролик көрсетілді. Бейнебаян арқылы терезе маңында ойнаудың қаншалықты қауіпті екені түсіндіріліп, оқыс оқиғалардың алдын алу жолдары айтылды.
Көрсетілімнен кейін балалармен қауіпсіздік тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында балалар белсенділік танытып, өз пікірлерін айтып, сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, лагерь жетекшілері мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен көшеде арнайы жаднамалар таратылды. Бұл жаднамаларда ата-аналар мен тұрғындарға арналған терезе қауіпсіздігі туралы маңызды кеңестер жазылған.
