Skip to content

2025 жылдың 20 маусым күні мектебімізде 11-сынып бітіруші түлектерге арналған…

2025 жылдың 20 маусым күні мектебімізде 11-сынып бітіруші түлектерге арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, мектеп директоры Г.Ж.Балапанова бітіруші түлектерге ізгі тілегін арнады.
Іс-шара барысында 11-сынып оқушыларына орта білім туралы аттестаттар салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар, үздік оқыған, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан, білім сайыстары мен олимпиадаларда жетістікке жеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Салтанатты жиында түлектер мектепке, ұстаздарға деген алғыстарын білдіріп, өнерлерін көрсетті. Бұл күн – әр түлек үшін есте қалар ерекше сәт. Мектеп ұжымы барша түлектерге болашақ өмір жолдарында сәттілік, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейді.
#Біртұтас_тәрбие
#Қарағандыоблысы09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *