2025 жылдың 19 маусым күні, қала әкімдігінің қолдауымен білім саласындағы үздіктерді құрметтеу мақсатында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары түлектерге өз атынан жылы лебізін білдіріп, көп жылғы еңбектің нәтижесі саналатын “Алтын белгі” төсбелгілерін табыстады. Бұл марапат – білімге құштарлықтың, үздік оқудың, табандылық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Аталған шарада мектебіміздің мақтанышы, 11 «А» сынып оқушысы Сейлғазы Нұрхан
“Алтын белгі” төсбелгісімен марапатталды. Ол мектеп қабырғасында жоғары білім үлгісін көрсетіп, қоғамдық өмірге белсене араласып, үздік үлгерімімен ерекшеленді.
Мектебіміз үшін бұл үлкен мақтаныш. Осындай талапты, білімді түлектеріміздің жетістіктері – жас буынға үлгі, ұстаздар еңбегінің жемісі.
Болашақта түлегімізге сәттілік тілейміз, арманы асқақ, жолы ашық болсын!
#Біртұтас_тәрбие
#Қарағандыоблысы09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
