2025 жылдың 10 маусымында мектеп жанындағы жазғы лагерьдің оқушылары тәрбиешілердің жетекшілігімен қаладағы кинотеатрға барып, әйгілі «Как приручить дракона»атты анимациялық фильмді тамашалады.
Бұл шараның мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізу, достықты, ерлік пен батылдықты насихаттайтын көркем туынды арқылы тәрбиелік мән беру болды.
Шараның тәрбиелік мәні:
– Балаларды батылдыққа, мейірімділікке баулу
– Қиял әлемін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту
– Достық пен сенімнің маңызын ұғындыру
Балалар кинотеатрдан ерекше әсермен оралды. Мұндай мәдени шаралар оқушылардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, олардың рухани дамуына да оң әсерін тигізеді.
