Skip to content

2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында елімізде дәстүрлі…

2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Бұл акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына даярлауға көмек көрсету, балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету.

«Мектепке жол» акциясы – тек көмек көрсету ғана емес, қоғамды балалардың тағдырына бейжай қарамауға шақыру, отаншылдық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатындағы ауқымды жоба.

Барша азаматтарды, кәсіпкерлерді, және еріктілерді аталған акцияға белсене қатысуға шақырамыз. Бір баланың мектепке баруына көмектесу – жарқын болашаққа қосқан үлкен үлес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *