📚2024 жылғы 26 ақпан – 01 наурыз күндері аралығында өтетін “Білімнің кәусар бұлағы-бастауыш” апталығының жоспарына сәйкес 3 “А” сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен “Ұлт ұстазы. Бала Ахмет” атты ашық сабақ өткізілді.
🔖 Сабақ барысында оқушылармен “Көңілді шаршы”, “Сұрақ менен, жауап сенен” , “Ыстық орындық”, тірек сөздер арқылы жеке жұмыстар және “Кластер” әдісі арқылы топтық жұмыстар жүргізілді.
📝 Оқушылар сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды қызыға орындады. Сабаққа қатысты ой-пікірлерін “Ойды аяқта” әдісі арқылы ортаға салып, кері байланыс жасады.
🖇️ Бастауыш сынып мұғалімі: Есенкулова Азиза Мараткызы