🗓️2024 жылдың 15 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, ұжымдық кітап оқу дәстүрін арттыру міндеттерін іске асыру барысында 10Ә сынып ұжымында «Кітап оқы, like!” тақырыбында танымдық сағат өткізілді. 📚Іс-шара барысында оқушылар оқыған әдеби шығармаларының сюжеті, жанры, басты кейіпкерлеріне тоқалды. 📚Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы адамды тәрбиелейді және рухани байытады.
📚Кітап таңдап талғап оқи білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Өскелең ұрпаққа кітаптан асқан байлық, кітаптан асқан асыл қазына жоқ, дәл қазіргі уақыттан бастап кітап оқуға өздеріңізді бейімдеңіздер дегім келеді. “Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге”, – деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.
✅Сынып жетекші: И.Ж.Жанаткызы
#оқуғақұштармектеп
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb