Skip to content

2023 жылғы 29 қыркүйекте полиция капитаны Жукин Е.М, Нурбек А.А…

2023 жылғы 29 қыркүйекте полиция капитаны Жукин Е.М, Нурбек А.А
полиция аға лейтенанты Коразбаев Н.А қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен “Балалар, жас өспірімдер қылмысы”, “Мүліктік қылмыстардың алдын алу”, “Балалардың кешкі уақытта жүруі”. түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Кездесуде келесі тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
1) кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу;
2) балалардың кешкі уақытта жүруі;
3) мүліктік қылмыстардың алдын алу (алаяқтық);
4) қауіп төнген немесе терроризм актісін жасаған кездегі мінез-құлық қағидалары туралы.
Полиция капитаны Жукин Е.М балалар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері және олардың жауапкершілігімен таныстырды, Қазақстан Республикасының Заңы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін ата-аналар мен жасөспірімдер үшін қандай жауапкершілік көзделгені туралы айтып, балалардың адамдарға деген сенімнен және әр түрлі әлеуметтік желілердегі жарнамаларынан сақтандырды.Олардың ақша табудың жеңіл жолын жарнамалап, нашақорлық заттарды таратуға мәжбүрлейтіні туралы айтты. Полиция қызметкерлері оқушылардың кешкі уақытта ата-анасыз көшеде жүрсе, көшедегі мүліктерді бұзып немесе сындарса қандай жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ақпар берілді.Кездесу барысында балалар полиция өкілдеріне белсенді сұрақтар қойды. Сондай-ақ, кездесу барысында терроризмге қарсы қауіп төнген кезде балалардың қалай қорғануы керектігі туралы айтып өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *