2023 жылдың 5 қыркүйегінде мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған жалпыоблыстық ашық диктант жазу өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту. Диктант жазу барысында 5-11 сынып оқушылары қамтылды.
Диктант мәтіні қазақтың қасиетті киіз үйінің сүйектері, құрылу тәсілі туралы болды. Мұғалімдер сыныптардың жас ерекшелігіне сәйкес сөз санын қысқартып берді. Соңында қорытындысы шығарылды.
