2023 жылдың 11 қазанында қалалық мониторлық-сараптамалық топ мектеп асханасын тексерді. Тексеру барысында мониторлық-сараптамалық топ мүшелері келіп түсетін азық-түлік өнімдерінің сапасына, отандық тауар өндірушілердің азық-түлік өнімдеріне сертификаттардың болуына, дайындалған тағамдардың сапасына, сондай-ақ технологиялық жабдықтардың болуы мен жарамдылығына, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуына, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті перспективалық мәзірге сәйкестігіне, асхананың санитарлық жағдайына мониторинг жүргізуге көп назар аударды.
Тексеру қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
