2023-ші жылы 20 мамыр күні, 7“А” сыныптың ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі».
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары
2. Жаз мезгіліндегі балалар қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік
3. Жылдық қорытынды,оқушылыр жетістігі және әртүрлі
Жиналыс барысында ата- аналарға , жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы , жаз мезгіліндегі қауіпсіздікті сақтау тәртібі, кешкі 11-ден кейін ата-анасыз көшеде жүрмеу және т.б. түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2022-2023 оқу жылының қортындысы, оқушылардың жеткен жетістіктері жайында айтылды. Келесі оқу жылындағы мектеп формасы туралы, кітаптарды өткізу, оқулықтарды тарату туралы әртүрлі сұрақтар қаралды. Жиналысқа қатыса алмаған ата-аналарға жиналыстың мазмұны туралы ақпарат берілді.
