🔹2022 жылдың 18 қарашасында мектебімізде “Әсемдік әлемі” атты эстетикалық сауаттылық апталығының жабылу салтанаты өтті. Бұл апталықтың басты мақсаты: білім алушылардың көркем еңбекке, музыка әлеміне деген қызығушылығын арттыра отырып, қолөнер арқылы фунционалдық сауаттылықты қалыптастыру және құндылықтарға тәрбиелеу болды.1 апта бойы мектеп оқушыларының қоғамдық, мектепшілік іс-шараларға белсенділіктерінің өте жоғары көрсете білді. Эстетикалық бағыттағы көркем еңбек, музыка дене шынықтыру пәндеріне деген қызығушылықтары одан әрі оянды. Қорытындылау кезінде апталыққа белсене атсалысқан сыныптар мен оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.
#эстетикалықсауаттылықапталығы
