🔷2022 жылдың 15 желтоқсан күні “ N5 жалпы білім беретін мектебі” КММ – де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты салтанатты саптық жиын өтті. Оқушыларымыз ел тәуелсіздігіне арналған өлең-жырдан шашу шашты. Құттықтау сөз мектеп директоры Балапанова Г.Ж. берілді. Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді.
Салтанатты жиында мектеп өміріне белсене араласып, жетістікке жету жолында атқарған жұмыстары үшін бірқатар ұстаздар мен ата-аналар марапатталды.
Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген ата-аналар:
1.Кудайбергенова Раушан Толегеновна -ата-аналар комитетінің төрайымы
2.Шоянов Қанат Оңғарбекұлы – «Қамқоршылық кеңесі» мүшесі
3.Кәрім Нұрдос Маратұлы- «Шапағат»әкелер кеңесінің төрағасы
4. Кенжебекова Асем Мангазбековна -ата-аналар комитетінің мүшесі
5. Даримбекова Асем Тлеусейтоваларды мектеп басшысы құттықтап, алғысын білдірді. Салтанатты жиын соңында Нұрдос Маратұлы "Тәуелсіздік" өлеңін оқыды.
#umckrg
#ұлағаттыұрпақжобасы
#Тәуелсіздіккүнібілім09
