2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспарға сәйкес, 06.01.2023 жылы №5 жалпы білім беретін мектебінде «Табысты балалармен жұмыс жүйесі арқылы мұғалімнің кәсіби өзін-өзі дамытуы» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес мектеп директоры Балапанова Г.Ж. сөзімен басталды.Педагогикалық кеңесте «2022-2023 оқу жылындағы І және ІІ тоқсанындағы сапа көрсеткішінің салыстырмалы талдауы»; «Табысты балалармен жұмыс жүйесі арқылы мұғалімнің кәсіби өзін-өзі дамытуы»; «Алтын белгі», үздік аттестатқа үміткерлерді анықтау» мәселелері қозғалды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ибраева А.С білім сапасы төмен сыныптарға талдау жасап, білім сапасы төмен пән мұғалімдері оқушыларының білім деңгейінің төмендеуіне түсінік берді. Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Тусупова Г.Ж.оқушылардың олимпиададағы нәтижелеріне тоқталып өтті. Педагогикалық кеңестің мәселелері бойынша тренинг жүргізілді. Тренингте үш топқа бөлінген мұғалімдер табысты балалармен жұмыс, білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс, үздік аттестат үміткерлерін тәрбиелеу сұрақтары бойынша өз ойларын ортаға салып, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Соңынан мұғалімнің табысты балалармен жұмысқа бейімділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ әдістемелік бөлім меңгерушісі педагогтарды аттестаттау ережесіндегі өзгерістермен таныстырды. Педагогикалық кеңесте көптеген пайдалы және тәжірибеге бағытталған ақпараттар талқыланды.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие
