Skip to content

🔰20-наурыз күні «Бірінші сыныпқа балалрдың құжаттарын қабылдау» бойынша ата-аналар жиналысы…

🔰20-наурыз күні «Бірінші сыныпқа балалрдың құжаттарын қабылдау» бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
🔰Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Мектепке алты жасқа толатын балалр қабылданады.
Айта кету керек, баланың жасы 1-қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1-қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
🔰Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
🔰Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы №063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *