Skip to content

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні Балқаш қаласы білім…

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің кітапханасында 2 сәуірде Халықаралық балалар кітабы күніне орай 4 Ә сынып оқушыларымен «Кітапты ашсаң ғажайып басталады» атты шара өтті.
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілін насихаттау.
2 сәуір – Данияның ұлы ертегішісі Г.Х.Андерсеннің туған күні. Бұл күні 1956 жылдан бастап екі жылда бір рет үздік балалар жазушыларына және суретшілері – балалар кітаптарының иллюстраторларына халықаралық Г.Х.Андерсен атындағы сыйлық беріледі.
1967 жылдан бастап бұл күн Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңеспен (International Children’s Book day) бекітілген Халықаралық балалар кітабы күні тойланады. Осы орайда біздің бастауыш сынып оқушыларда кітап оқуды үрдіске айналдырып келеді. 4Ә сынып оқушылары : Г.Русланқызы, А.Исмаханқызы, А.Серік, А.Шалғынбаева ,Ж.Төребек, Н.Ибраш , Ж.Айдынұлы, А.Талғатбек,Т.Иманғалиев, І.ТимурқызыА.Татаева т.б. үнемі кітап оқып, оқығандарын ойларына тоқып, кітапхананда өткізілетін іс-шараларға белсене қатысып келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *