1А сыныбының сынып жетекшісі З.Е.Арыстаналиева мектеп кітапханасымен танысуға оқушыларын саяхатқа әкелді. Оқушылар кітапхананы пайдалану ережелерімен бірге «Кітап ғажайып әлеміне саяхат» атты кітап көрмесіне қойылған түрлі – түсті балаларға арналған ертегілермен танысты.
Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.
