Skip to content

19.05.25ж. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5…

19.05.25ж. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 5Ә сынып оқушыларымен *”Жазғы қызықтар – қауіпсіздікпен бірге!”* тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушыларды қауіпті жағдайлардан сақтана білуге үйрету, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру. Жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
✅Оқушыларға каникул күндерінде су айдындарына бармауды,көлік құралдарын басқармауды,техника қауіпсіздігін сақтауды ескертеміз;
✅Оқушылардың (ұл – қыздарыңыздың) каникул күндерінде ұзақ жолға шығуына,қыдыруына,қауіпсіздігіне ата-ана жауапты екендігін ескертеміз;
✅Жол ережесін қатаң сақтау,түнгі беймезгіл уақытта сенімді өкілсіз көшеде жүрмеу;
✅Каникул күндерінде оқушылар арасында әлімжеттік пен келеңсіз жағдайлардан аулақ болу ескертілді.
⏰Сағат 22:00—ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *