19.05.23 күні Алихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде 9 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Оқушыларға түрлі мамандықтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр мамандық туралы жақсы мағлұмат берілді.Кездесу қаламыздың 9-сынып түлектеріне арналған концерттік бағдарламамен аяқталды.
