19.01.2023 күні сағат 17.00-де мектептің 5-11 сыныптың ата-аналарына онлайн жүйесінде Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының төрағалығымен облыстық ата аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің мүшелері,әкелер,аналар мектебі мүшелері қатысты.Барлығы 108 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Ата-аналар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен шабуылдар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы; Баяндамашы: Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Искакбаев К.Д.
2. Терроризм актісі туралы жалған қоңыраулар және олар үшін жауапкершілік;
Баяндамашы: Қарағанды облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Омарова А. Б.
3. Есірткінің синтетикалық жаңа түрлері. Олардың пайдалану мен тарату.
Баяндамашы: Қарағанды облысының ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полковник Бузук А. В.
Жиналыс барысында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, сұрақтарына нақты жауаптар алынды.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi @g.kozhakhmetoova
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие