Skip to content

🗓️18.03.2025 күні мектеп кітапханасында 5 сынып оқушылары арасында «Кітапхана –…

🗓️18.03.2025 күні мектеп кітапханасында 5 сынып оқушылары арасында «Кітапхана – қазақ әдебиетінің әлемі: Ұлы тұлғалар мен фольклор мұралары» интеллектуалды танымдық ойыны өтті.

🔰Мақсаты: қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары мен фольклор мұраларын таныстыру, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

⚜️Бұл интеллектуалды ойын тек білімді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар әр оқушының қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттырады.

💠Ойын 3 кезеңнен тұрады
🔸1-кезең- «Асығың алшысынан түссін» викториналық сұрақтар. 🔶2 -кезең- «Әдеби шығармалар сөйлейді» фольклор ойын, сөзжұмбақтар шешу.
🔶3-кезең- Ребустар шешу, жоба қорғау.

💫Сайыс нәтижесінде:
🥇1 орын- 5 «А» сыныбынан “Жауқазын” тобы.
🥈2 орын- 5 «Б» сыныбынан – “Бәйшешек” тобы.
🥉3 орын- 5 «Ә» сыныбынан “Қызғалдақ” тобы.

💫Ойынның нәтижесі бойынша жеңімпаз топтар анықталып, әрбір қатысушыға құрмет көрсетілді. Бұл шара оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын одан әрі ұштауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті мен фольклорын тереңірек зерттеуге, мәдени мұраны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал ететінін дәлелдеді.
Аталған интеллектуалды ойынды өткізу, болашақта да оқушылар арасында ұлттық әдебиетімізді насихаттау және шығармашылықты дамыту үшін жақсы дәстүрге айналатыны сөзсіз.

💠Интеллектуалды ойынды ұйымдастырған: Тезекбаева А.А, мектеп кітапханашысы

#ҚазақӘдебиеті
#ФольклорМұралары
#ИнтеллектуалдыОйын
#ЖауқазынТобы
#КітапханаӘлемі
@balkhash_qbb @umckrg @karlygash_dsh

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *