Skip to content

⚜️ 17 наурыз – Шаңырақ күні ⚜️ Бұл күні отбасы…

⚜️ 17 наурыз – Шаңырақ күні ⚜️
Бұл күні отбасы құндылықтарын дәріптеуге арнау ұсынылады.
Отбасы құндылығы – қай заманда да, қай елде де мемлекет саясатының темір – қазығы, ардақ тұтар қазынасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасының беріктігі – мемлекет іргетасының мығым әрі кемелдігінің кепілі. Қазақ халқы қашанда отбасын қасиетті құрылым ретінде қабылдап, зор маңыз беріп, мәнін қорғаған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп отбасындағы ұрпақ тәрбиесінің маңызын айқындаған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *