17-наурыз’«Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні»
🗓️2025 жылдың 17 наурыз күні мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Тұмарша жасау: қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен қолөнерін жаңғырту» тақырыбында шеберлік сынып ұйымдастырылды.
💠Мақсаты:
Ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, барлық ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, қолөнершілерінің шығармашылық жұмыстарын дәріптеу.
✅Шеберлік сыныпқа қонақ ретінде ардагер ұстаз, ардақты әже Ермекова Күлшара Әлімханқызы шақырылды. Аталған шара «Қыз Жібек» қыздар клубының көшбасшы оқушыларымен өткізілді.
🔶Жауапты ұстаздар: Тезекбаева А.А., Аманжолова А.Н.
🔸Нәтижесінде:
Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін тереңірек түсініп, тұмарша жасаудың маңыздылығы мен ұлттық қолөнердің мәнін сезінді. Бұл шеберлік сынып оқушыларға өз дәстүрлеріне деген құрметті арттырып, қолөнерді жаңғыртуға деген ынтасын оятты. Оқушылар өз қолдарымен тұмарша жасап, қазақтың ұлттық өнеріне деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін көрсетті.
#БіртұтасТәрбие #БалаларКітапханасы #АқынЖазушыларменБіргеКітапОқу #ҚолтаңбаАлу #ҰлттықДәстүрлер #Қолөнер #ТұмаршаЖасау #ҚазақМәдениеті #ШеберлікСынып #ҚызЖібек