17.10.2023 күні ЖББ №5 мектептің 7 сынып оқушылары және кәсіптік бағдар беруші Қуанышбаева М.А Балқаш қаласындағы судан құтқару станциясында ұйымдастырылған ашық есік күніне барды. Құтқару станциясының қызметкерлері өздерінің еңбек күндері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, жарақтарды және қазіргі заманғы жүзу құралдарын көрсетті. Содан кейін оқу- жаттығулары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өмірде пайдалы ақпарат алды.
