🗓️17.03.2023 күні қазақ халқының ұлттық мерекесі- Наурыз мейрамына орай 9 Ә сыныбында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Сен білесің бе?» тақырыбында танымдық сынып сағаты өткізілді.
⚜️Танымдық сағатты Азаматқызы Шырын “Ассалаумағалайкум” әнімен ашты.
⚜️Сынып сағаты барысында сынып оқушылары қазақтың ұлттық ойындары «Бес тас», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қол күрес» ойындарының қайта жаңғыртып, көрсете білді.
⚜️Музыкалық үзіліс кезінде “Шабыт” би тобы “Сырғалым” биін билеп,сыныпқа қуанышты көңіл-күй сыйлады.
⚜️ Сынып жетекшісі: Жуматова И.Ж
