🔷 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай, «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, Тәуелсіздікте жеткен Мәңгілік еліміздің жетістіктерін дәріптеу, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Эссе жазу барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білген. Тәуелсіздік -ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт- сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы екенін тілге тиек ете отырып, Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқының жетудегі қиыншылықтары мен жетістіктерін саралай білген. Эссе талаптарына сай жазылған жұмыстар жүлделі орындарды иеленді.
I орын: Асқар Диана, 9 «Ә» сынып оқушысы
II орын: Асылбеков Ильяс, 8 «А» сынып оқушысы
III орын: Қанат Аиша, 8 «А» сынып оқушысы
III орын: Бағидолла Айым, 9 «Ә» сынып оқушысы.
Байқауға қатысқан оқушыларға алғысымызды айта отырып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж.М.Имангалиева
