16.11.2023 Алаш азаматтарын ұлықтау айлығы аясында ұйымдастырылған “Ғибратты ғұмыр иесі – Мағжан” атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 7-10 сыныптар арасында мектепішілік дебат турнирі өтті.
Дебат турнирінің мақсаты – көздері ашық, көкіректері ояу оқушыларды тәрбиелеу. Турнир барасында оқушылар Алаш азаматтарының еңбектерін ұлықтап, мектеп өмірі мен қоғамдағы өзекті мәселелерді сөз етті.
Турнир қорытындысы бойынша 9Ә сынып оқушылары “Мағжан сенген екі жас” командасы 1 орынға, 10А сынып оқушылары “Жастар” командасы 2 орынға, 8 сынып оқушылары “Алаш” командасы жүлделі 3 орынды иеленіп, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Модераторлар: Өміртай А.Б, Қуанышбаева М.А., Толеубекова М.С.
