Skip to content

15 қараша — Ұлттық Валютамыз, яғни теңгеміз айналымға енгізілген күн.…

15 қараша — Ұлттық Валютамыз, яғни теңгеміз айналымға енгізілген күн. Тәуелсіздігіміздің нақты белгісі болып есептелетін рәміздердің
бірі — төл теңгеміз отыз жыл бойы қазақ елінің, қазақ халқының, қазақ экономикасының дамуына қызмет етіп келеді.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.
Осыған байланысты 15 қарашада 8 А сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.
Оқушыларға төл теңгеміздің шығу тарихы, қазіргі экономикамыздағы алатын орны туралы түсіндіріліп, бейнематериалдар көрсетілді. Топқа бөлініп «Валюта ойыны» өткізілді. Оқушылар ойынға белсене қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *