🌷🌷 🌷14— наурыз Көрісу күніне байланысты 2 Ә сыныбында мектебіміздің ардагер ұстазы Даниярова Тоғжан Мырзагазизовнамен
кездесу өтті.
Тоғжан Мырзагазизовна
«14 наурыз – көрісу күні» мерекесі туралы ой бөлісті.Сынып оқушылары сұрақтарына
жауап алып,алғыстарын
білдірді.Дәстүр бойынша сый құрметін жасады.
14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады.Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды.
Ұлыстың Ұлы Күні Әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!
Сынып жетекшісі:
Бекбенбетова Г.К.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb