🗓️13.01.2024 күні тілдерді үйрену мен оның қоғамдағы, мәдениеттегі, және жеке адам өміріндегі маңыздылығын дәріптеу мақсатында 🔰Шетел тілі бірлестік пәндерінің «Тіл – кемел болашақ тұғыры» атты тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті.
🔰Апталықтың ашу үшін құттықтау сөз шетел тілдер кафедрасының жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Өміртай Ажар Бағдатқызына берілді.
🔰Біз үшін тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол — әлемге көзқарас, ол — өткен тарихымыз бен болашақта қалыптасатын байланыстарымыздың негізі. Әрбір жаңа тіл — жаңа мүмкіндік, жаңа түсінік, жаңа әлемге жол ашады. Сондықтан да көптілділік бізді тек жаңа біліммен ғана емес, жаңа мәдениеттермен, жаңа көзқарастармен таныстырады.
🔈Сіздерді апталық аясында ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз.
#englishweek #шетелтілдерпәндерініңапталығы
@balqash_qbb @umckrg