11 «А» сынып оқушыларымен, 22 қаңтар -22 ақпан аралығында, білім алушылардың позитивті қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ мақсат -міндеттерімен, акцияның ерекшеліктерімен, өту барысымен таныстырылды. АКЦИЯ ҰРАНЫ: Нағыз досыңның болғанын қаласаң – дос бол! Акция аясында «Ұлы тұлғалардың достықтары» тақырыбында өнеге сағаты өтті. Мақсаты: Қазақ тарихында ұлы ұлғалардың арасындағы достық пен сыйластықтың аражігін ажырату, өнегелі өмір жолдарын үлгі ету.
Әрқайсымыздың достарымыз бар, бірақ Ұлы тұлғалардың өзара достығы мүлде ерекше.Ұлтқа қарамай, нәсіліне бөлмей, көңіліне жақын, қадір тұтқан адаммен шынайы дос бола білген. Қысылғанда жанынан табылып, қиын-қысстау заманда, ашаршылық кезінде бір-бірін паналаған, «аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» дегендей, бір-бірінің осы қасиеттерін мәңгілік ұмытпаған. Оған ұлы тұлғалардың хаттары мен естеліктері, шығармалары куә. Мысалы: Керей мен Жәнібек ханның, Абай мен Евгений Михаэлистің, Шоқан мен Достаевскийдің Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың достықтары, арасында жазылған хаттары мен естеліктері жайлы әңгіме қозғалды. Ұлы тұлғаларға ұқсап достықты бағалай білейік!
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#dosbollike
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
