11.09.2023 күні мектебімізде 1-2 ауысым үшін саптық жиын өтті. Саптық жиынға оқушылар толық қатысты. Кезекшілік міндетін атқарған 1-ауысым 10 А және 2-ауысым 6А сынып оқушылары ақпарларын дайындап,кезекшілік міндетті 10 ”Ә “және 6 “Ә” сынып оқушыларына табыстады. Өткен аптада “Абайла балақай” апталығының қорытындысы бойынша аға тәлімгер Айтқұл Л.Ж жетекшілігімен “Жалын” үгіт насихат тобы жолда жүру ережелеріне байланысты апталықты қорытындылады және сурет көрмесіне белсене атсалысқандары үшін 6 “Ә” және 5 “Б” сынып оқушылары алғыс хаттармен марапатталды. Мектебіміздің мақтанышы 10 “А” сынып оқушысы Нұрғали Сұлтан Республикалық кикбокстан “Жыл үздігі” төсбелгісі және алғыс хатпен марапатталды. Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен “Жас Барыс” қалалық іріктеу турнирінде 70 салмақта II орын алғаны үшін Жұмағали Мерұлан дипломмен марапатталды.
