⚜️10 тамыз – Абай күні құтты болсын!
Қазақтың бас ақыны, ғұлама ойшылы, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы – өшпес із қалдырған ірі тұлға.
✨Абай мұрасы қазақ әдебиетінің жауһарына айналды. Талай ұрпақ оның шығармашылығынан сусындап, өмірлік ғибрат алуда.
⚜️Абай әлемі – бүкіл қазақ қоғамының рухани азығы. Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде ұлтымыздың болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мінез табиғаты, жан жүрегі, ділі мен діні, қастерлі тілі мен асқақ рухы көрініс тапқан.
🇰🇿Баршамызға ортақ Абай күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
🔰Бейнеролик авторы: И.Ж.Жанаткызы
#абайкүні2023
#абайкүні10тамыз