Skip to content

10 қаңтар күні қазақ әдебиеті күніне және Ілияс Есенберлиннің туғанына…

10 қаңтар күні қазақ әдебиеті күніне және Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Ізінен аңыз ерген Ілияс Есенберлин» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. І.Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Кітапханада кітапханашы Тезекбаева А.А. Ілияс Есенберлинге арнап «Жазушы.Тұлға.Адам» тақырыбына көрме ұйымдастырды. Көрмеге жазушының кітаптары қойылып, таныстырылды. Дөңгелек үстел барысында жазушының өмірбаяны мен атқарған қызметтері туралы сөз қозғалып, белгілі шығармасы «Көшпенділер» роман-триологиясы жайында айтылып,алған әсерлерімен бөлісіп. өз ойларын ортаға салды.
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Шаймерден А.М.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *