1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
📌Мақсаты: балаларды өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде өздерін көрсете білуге тәрбиелеу; ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру.
Мереке қарсаңында, бүлдіршіндер концерттік бағдарлама тамашалады.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Әлімбетова Шолпан Нұрымханқызы балаларды құттықтап, 9 “А” сынып оқушысы Сейлғазы Нұрханды облыстық үздік эсселер мен өлеңдер байқауында жүлделі 3-орын алғаны үшін дипломмен марапаттады.
Сонымен қатар іс-шара қарсаңында, балалармен флешмоб, түрлі кейіпкерлермен ашық аспан астындағы ойындар, асфальтта сурет салу, эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, балалар белсенді қатысып, тәттілер алды.
Ұйымдастырушы: “Күншуақ” жазғы мектеп жанындағы лагері.
#Карагандыоблысыбілім09
#КОББтарбие
#КОББТЭРБИЕ
#uo_krg @orken.media
@balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi
@karlygash_dsh
