🗓️1.09.2023 күні мектептің білім ордасы ретіндегі маңызын түсіндіру және мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білімқұмарлыққа шақыру мақсатында 10 Ә сыныбында «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
🍁Сынып сағатының барысында жағымды орта құруда «Ыстық алақан» әдісі арқыы сынып оқушылар бір-бірімен танысып, жылы лебіздерін, шынайы тілектерін білдірді.
🍂Оқушылар мектептен білім алып қана қоймай, өмір сүру заңдылықтарын ұғынады, адами құндылықтарды сіңіретіндіктерін, алтын ұяның балалық шақтан болашаққа қадам бастыртар тәрбие мекені екенін топтық жұмыс барысында «Мен және менің мектебім» тақырыбында жоба жұмысын қорғау барысында көрсете білді.
🍁Оқушылар ойларын ортаға салып, сұрақтарға толыққанды жауап берді.
🍂Кері байланыс «Ашық микрафон» әдісі арқылы іске асты, яғни оқушылар алған білімдерін қорытындылап, барлық оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
🍁🍁🍁Сынып жетекші: И.Ж.Жанаткызы
#Bilim_quni @uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие #bilim_quni