08.12.23. Қаламыздағы Ә.Бөкейханов атындағы № 15 мектеп- лицейінің шаңырағында, облыстық "Өнегелі өмір" жобасы аясында, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қарағанды облысының Білім беру ісінің құрметті педагогі, Халықаралық "Ұлт мақтанышы" медалінің иегері, жарты ғасыр бойы өмірін ұстаздыққа арнаған, Ғазиза Ғабдоллақызымен ,№ 5 мектептің "Пед класс" жобасына қатысушы оқушылары мен ұстаздары кездесті. Ұстаздардың ұстазы- Ғазиза Ғабдоллақызының ұстаздық өмір жолындағы белестері мен бағындырған биіктері туралы ашық әңгімелесіп , қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Жылы эмоцияларға толы кездесуде сыр- сұхбат қонақтары да, қатысушылары да жағымды әсерге бөленді.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb