🗓️08.11.2023 күні Алаш азаматтарын ұлықтау айлығы аясында ұйымдастырылған «Ғибратты ғұмыр иесі -Мағжан» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 8 сынып оқушылары арасында «Тарих. Тағдыр.Тұлға» тақырыбындағы интеллектуалды ойын өтті.
📚Интеллектуалды ойынның мақсаты оқушыларды білімді, жан – жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
⚜️«Алаш» ұғымын ту етіп, жүрегіне жалау етіп, өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қаншама тұғыры биік тұлғалар күресті. Күресіп қана қоймай, сол жолда құрбан болып кетті. Олардың өмірлік ұстанымы-қалай да қазақ елін тығырықтан шығару, дамыған шет елдері сияқты дамыған мемлекеттер қатарына енгізу болды. «Маса» болып елді оятып, «Ара» болып халықтың ұлттық намысын шағып оятуды аңсады. Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды зиялы қауым өкілдерінің есімдері «Алаш» сөзімен қоса айтылады. Өйткені бұл тұлғалардың ерен еңбегі, қайраткерлік жолы тарихтың әр беттерінде жазулы.
🔰Ойын барысында Ұлтымыздың қалыптасып ел болуына зор үлесін қосып, Алашым, елім, жерім деп кеткен үлкен жүректі арыстарымыз бен алыптарымыз, елдің тарихы мен мәдениетіне ықпал еткен қайраткерлеріміз, ел қорғаған батырларымыз, ғылым мен еңбек салаларында қозғаушы күш болған дара тұлғаларымыз туралы білімдерін ортаға салды.
🔰Ойын 4 кезеңнен құралды:
🔖1-тур. «Бәйге»
🔖2-тур. «Жасырын сөзді тап»
🔖3-тур. «Қанатты сөздер»
🔖4-тур. «Көкпар»
✅Нәтижесінде:
🥇1 дәрежелі дипломмен-8А сыныбы;
🥈2 дәрежелі дипломмен-8Ә сыныбы;
🥉3 дәрежелі дипломмен -8Б сыныбы командалары марапатталды;
⚜️Біздің рухани жағынан жаңғыруымызға Алаш қозғалысы мен ұлы тұлғалардың әрбір ісі, ақтық қаны, ел үшін соққан риясыз жүрегі дәлел болады деп ойлаймын. Сондықтан да Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбеуіміз қажет.
🔰Модераторлар: Индара Жанаткызы және Ажар Бағдатқызы
#алаш
#алашазаматтарынұлықтау
#мағжанжұмабаев#әлиханбөкейханов#ахметбайтұрсынұлы
#тарих#тұлға#тағдыр