Skip to content

08.04.2025 Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімінің №5…

08.04.2025
Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де “Ғылым және технология” жаратылыстану -ғылыми сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес “Жаратылыстану құпиялары” атты тәжірибелік алаң ұйымдастырылды!

Іс-шара барысында оқушылар биология, химия, физика және география пәндері бойынша түрлі қызықты тәжірибелер жасап, ғылымның тылсым құбылыстарын зерттеді. Әр пәннің жеке бұрышы ұйымдастырылып, оқушылардың ғылыми ойлауын дамытуға, зерттеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған түрлі интерактивті тапсырмалар ұсынылды.

Мақсатымыз – жаратылыстану бағытындағы пәндерге деген қызығушылықты арттырып, ғылымға құштар жас ұрпақ тәрбиелеу!

“Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз – жаратылыстану ғылымдарының ғажайыптары!” – деген ұранмен өткен бұл күн ерекше әсер мен шабыт сыйлады.

#Қарағандыоблысыбілім09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@umckrg
#жаратылыстанубағытапталық
#биологияфизикахимиягеография

Your browser does not support the video tag.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *