Skip to content

🗓️06.02.2024 жыл. ⚜️Биыл – халық жазушысы, драматург, әдебиет зерттеушісі Әбділда…

🗓️06.02.2024 жыл.
⚜️Биыл – халық жазушысы, драматург, әдебиет зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл. Осыған орай мектебімізде 10Ә сынып көшбасшылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сырда туған сырбаз ақын» тақырыбында ашық алаң өткізді.
🔰 Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тереңінен тоқталып өтті.
📚Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы.
📚Сыр өңірінде дүниеге келген ақын мөлдір поэзия әлемінің падишасына айналды. Сыршыл, ойлы өлеңдермен қатар кең құлашты, терең мазмұнды поэмалар да жазған. Халық аңыздары желісінде жарық көрген «Мерген», «Аққу», «Күй атасы» еңбектері – соның айғағы. Сонымен қатар Әбділдә Тәжібаев драматург ретінде белгілі. Оның «Ақ қайың», «Гүлден, дала», «Майра», «Таныстар» секілді бірқатар пьесалары бар. Қаламгердің сценарийі бойынша «Жамбыл» көркем фильмі түсірілді. Абыз сондай-ақ А.Пушкин, А.Островский, Г.Гейненің туындыларын қазақ тіліне тәржімалаумен айналысты.

✅Сынып жетекші: И.Ж.Жанаткызы
Мектеп кітапхана меңгерушісі: К.Ш. Махашова

#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qbb
#obb_qaraganda
#оқуғақұштармектеп
#ашықалаң
#оқусағаты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *